Түркістан облысы қоғамдық денсаулық басқармасының мәліметінше, 137 834 адам COVID-19 індетіне қарсы вакцина салдырған.
Соңғы тәулікте 6680 адам екпе қабылдаған. Олардың басым бөлігі, яғни 21 414-і медициналық қызметкер болса, 38 508-і педагог және 6139-ы құқық қорғау органдарының қызметкерлері. Ал екінші компонентпен (ревакцинация) 28 315 адам вакцина салдырған.
Өңір тұрғындарының 934-і отандық QazVac-тың салынуын қалапты. Бүгінде өңір тұрғындары Спутник-V, QazVac мен Hayat-Vax вакциналарын қабылдай алады. Басқарма дерегінше, соңғы тәулікте облыста 34 адамда COVID-19 індеті анықталды. Тәуліктік өсім – 0,61%. Жалпы облыста пандемия белең алағалы 679 899 ПТР-сынамалары алынған. Ал соңғы тәулікте зертханаларда 3766 адам тексерілген. Жұқпалы аурулар ауруханасында барлығы 1200 орын бар, олардың 598-і бос.
Айта кетелік, өңірде қауіпті індетті жұқтырған 4901 науқас толық жазылып шыққан. Жалпы, пандемия басталғалы COVID-19 расталған 5523 жағдай тіркелді. Олардың 3569-да ауру симптомсыз өткен.
Түркістан облысы