Алматы қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушысы Даниал Султанов Ресейдің Ұлттық технологиялық бастамалар халықаралық олимпиадасында жеңімпаз деп танылды, деп хабарлайды Egemen.kz
Даниал «Жасанды интеллект» арнайы бейіні бойынша «Халықтар достығы» аталымында бірінші орынды иеленді.
Олимпиаданы ұйымдастырушылардың қатарында «Үйірме қозғалысы» және ҰТБ «Платформасы», Ресейдің Ғылым және жоғары білім, оқу-ағарту министрлігі, сондай-ақ Стратегиялық бастамалар агенттігі мен венчурлық компания бар. Жасанды интеллект саласындағы үздік оқушыларды құттықтаған Сбербанк Президенті-Басқарма төрағасы Герман Грефтың айтуынша, бұдан бес жыл бұрын AI жайында сирек қозғалған тақырып болатын. Ал бүгінде AI қайта өрлеу, жандану кезеңімен байланысты. Герман Греф қатысушыларға сәт-сапар тілеп, олардың кәсіби алаңдарда мол тәжірибе жинақтайтындықтарына сенім артты.
Биылғы жылғы олимпиада жаңа рекорд орнатты. Өйткені, барлық тректер бойынша Ресейдің 85 өңірі мен шетелдерден 100 мыңнан астам өтініш келіп түскен. Осы орайда бес мыңнан астам оқушы осы алаңда жасанды интеллект пен су асты робототехникасынан бастап геномдық өңдеу, VR технологиясына дейінгі отызға жуық технологиялық бағытты қамту мүмкіндігіне ие болды. Ал «Ақпараттық қауіпсіздік», «Жасанды интеллект», «Бизнес процестерді автоматтандыру» ең танымал деген IT профильдер қатарын толықтырды.
ҰТБ «Жас мамандар» бағыты директорының орынбасары Юлия Ханьжина «Финалда қатысушылар тек технологиялық тапсырмаларды ғана шешіп қойған жоқ. Оқушылар алдында жасанды интеллект, робототехника, ғарыш индустриясы саласындағы жетекші компанияларда жұмыс істейтін мамандар айналысатын жаңа сын-қатерлер тұрды. Жоғары сынып оқушылары ересек әріптестерін басып озатындай қызықты шешімдерді ұсына білді, – деп атап өтсе, «Үйірме қозғалысы» жұмыс тобының жетекшісі Дмитрий Земцовтың айтуынша, «Жасанды интеллект» бейінінің финалында орысша мәтіндерді машиналық түсіну саласы ерекше назар аударады. Оқушылар бір жыл бойы осындай тапсырмамен жұмыс істеген ресейлік data-science қоғамдастығы қол жеткізе алмаған нәтижені көрсетті». Ал Даниал жасанды интеллектің болашақпен байланысты, жаңа заман сұранысынан туындаған қажеттілік екендігін жеткізді. Оның айтуынша, трендте болу, оқу, ізденуде олимпиада үлкен әлемге жол ашады.
Биылғы жылы финалистер жасанды интеллект, машиналық оқыту, виртуалды әлем, геномдық өңдеу сияқты сұранысқа ие технологиялармен байланысты мәселелерге назар аударды. Қорытынды сайысқа жүзден астам оқушы қатысып, олардың алдында арнайы алгоритм құру міндеті тұрса, соңғы сынақта қатысушыларға «Кристофари» суперкомпьютерімен жұмыс істеу мүмкіндігі туды.