• RUB:
    5.18
  • USD:
    515.25
  • EUR:
    535.91
Басты сайтқа өту
Әлем 04 Мамыр, 2021

«Спутник-V» туралы шешім маусым-шілде айларында қабылданады

564 рет
көрсетілді

2022 жылы әлем халқын COVID-19-ға қарсы вакцинадан өткізу үшін 45 млрд доллар қажет. Бұл туралы ДСҰ-ның Бас директоры Тедрос Гебрейесус мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz

Пандемияны ауыздықтау үшін вакцинация ауадай қажет. Ал оны өткізуге қаражат қажет. Тек биылғы қажетті қаражаттың мөлшері  19 млрд доллар екенін айтқан Гебрейсус осы аптаның аяғында кытайлық екі вакцинаға қатысты  шешім шығып қалатынын, ал ресейлік «Спутник V» жайында маусымның аяғында немесе шілденің басында нақты ұйғарым қабылданатынын айтты. Әзірге Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының өкілі Марианджела Симау сарапшылардың «Спутник V»-ді зерделеп жатқанын жеткізіп, «ДСҰ әзірге Ресей тарапынан вакцинаға қатысты барлық материалдарды алып біткен жоқ. Алайда құжаттар түсіп жатыр. Ресейде  ДСҰ-ның бір топ мамандарының жұмыс істеп жатқандарына екі апта болды. Олар 10 мамырдан бастап «Спутник V» шығаратын бес кәсіпорынға баруды жоспарлап отыр. Сарапшылар жұмысы аяқталып, вакцина жан-жақты зерделеніп болған соң Ұйымның шешімі шығады» деді.

Ұлыбритания біріккен корольдігінің бұрынғы премьер-министрі Гордон Браун әлемдегі бай мемлекеттерді SARS-CoV-2-ны жеңуде жұмылуға шақырып, кедей елдердің халқы егер көмек болмаса өздіктерінен вакцинациядан өте алмайтынын алға тартты.

«Ол үшін екі жылдың ішінде 60 млрд доллар жинап, бай мемлекеттер жанашарлық танытпаса, әлемнің жіктелуі одан сайын тереңдеп, адамдар өміріне қауіп төнеді», деген экс премьер-министр.