Грек-рим күресінен Қазақстан командасы сәуір айының соңынан бері оқу-жаттығу жиындарын өткізуде, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аталған жиын Болгарияда өтетін Олимпиадаға іріктеу турнирінің қарсаңында ұйымдастырылып отыр.
Жиынға жиырмадан аса балуан шақырту алған. Олардың қатарында ұлттық құрама үздіктері де бар.
Айта кетелік, Софьяда өтетін Олимпиада ойындарына іріктеу турнирінде Қазақстан атынан Алмат Кебіспаев (67 келі), Олжас Сырлыбай (97 келі) және Әлімхан Сыздықов (130 келі) сынға түседі. Турнир 6 мамырда басталады.