• RUB:
    4.81
  • USD:
    498.51
  • EUR:
    522.84
Басты сайтқа өту
Аймақтар 04 Мамыр, 2021

Қызылордада бес мыңға жуық «Ауызашар себеті» таратылды

460 рет
көрсетілді

Қызылорда облысында әлеуметтік көмекті қажет ететін азаматтардың бірыңғай жүйесі құрылды, деп хабарлайды Egemen.kz

«Бақытты отбасы» орталығы жанынан жасақталған базаға сәйкес, көрсетілетін қайырымдылық шаралары жүйеге келтірілді. Осыған дейін бір тұрғын бірнеше қайырымдылық қорлардан көмек алса, ендігі ретте барлығы өз кезегіне сай жүргізіледі. Бұл туралы облыстық волонтерлар фронт офисінің жетекшісі Болатбек Айтбенбетов өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте мәлімдеді.

«Өңірде наурыз айынан бастап «Қайырымды істер» марафоны басталды. Аталған акция барысында аймақтағы мыңдаған тұрғынға жерігілікті жомарт жандар тарапынан қолдау көрсетілді. Атап айтсақ, «Зекет» қайырымдылық қоры, мешіт имамдары мен жамағат бірлесе отырып аймақтағы аз қамтылған 2000 отбасына, «Халық» қайырымдылық қоры қала аумағындағы 1000 отбасына, «Ел-Арай» қоғамдық қоры 50 отбасына азық түлік үлестірді. Аймақ басшысының бастамасымен облыстық жастар ресурстық орталығының, мешіт қызметкерлері мен волонтерлар фронт офисінің еріктілерінің қатысуымен 5 мыңға жуық «ауызашар себеті» таратылды», деді Болатбек Айтбенбетов.