Ауғанстанда Герат провинциясының 14 тұрғыны қатты жаңбырдан туындаған су тасқыны салдарынан қаза тапты. Бұл туралы сейсенбіде TOLOnews телеарнасы жергілікті билікке сілтеме жасап хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Адраскан аймағында қаза тапқандар арасында төрт бала бар.
Су тасқыны салдарынан ондаған гектар жер жарамсыз болып, мал қырылды.
Әзірге шығынның нақты мөлшері белгісіз. Қаза тапқандар саны көбеюі де мүмкін.