Анкарада биылғы жылдың жоспарына қол қойылып, Қазақстан мен Түркия арасындағы әскери ынтымақтастықтың бағыттары белгіленді. Бұл туралы Қорғаныс министрлігі хабарлады, деп жазады Egemen.kz
Жоспарға қол қоюға екі елдің қорғаныс ведомстволары арасындағы өткізілген штабтық келісімдер ықпал етті. Қазақстан тарапын Қорғаныс министрлігі Халықаралық ынтымақтастық департаментінің бастығы полковник Олжас Құсайынов басқарды.
Аталмыш құжат өңірлік қауіпсіздік мәселелері, арнайы мақсаттағы бөлімшелерді даярлау, бірлескен оқу-жаттығуларды өткізу аясындағы 17 іс-шараны қамтыды.Тәжірибе алмасу кезінде барлау және соққы беруші ұшқышсыз ұшу құрылғыларын қолдану тактикасы көзделген.
Келіссөздер аясында сондай-ақ, әскери білім мен ғылым ауқымындағы өзара іс-қимыл, 2022-2023 оқу жылында әскери қызметшілерді оқыту жоспары келісілді.