Қазақстан Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Қытай Халық Республикасының Қазақстандағы Елшісі Чжан Сяомен кездесу өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Тараптар жоғары және аса жоғары деңгейлерде қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыру барысын, сондай-ақ індеттен кейінгі кезеңде қатынастарды одан әрі жандандыру жөніндегі шараларды талқылады.
Сондай-ақ, БҰҰ, ШЫҰ және АӨСШК сияқты көпжақты құрылымдар аясындағы өзара іс-қимыл, сондай-ақ «Орталық Азия-Қытай» форматындағы ынтымақтастық мәселелері қаралды.