«ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС Қазақстан мен ҚХР арасында экспорттық және импорттық жүктерді тасымалдаудың бесжылдық жоспарын әзірледі. Бұл құжат тасымалдаудың нақты көрінісін көрсетеді және жүк айналымының жыл сайынғы өсуін болжайды. Тасымалдау жоспары қазақстандық-қытайлық аралас комиссиясының отырысында талқыланып, келісіледі деп күтілуде.
«Бесжылдық құжат негізінде Достық – Алашаңқай темір жол учаскесін инфрақұрылымдық дамыту бойынша техникалық жоспар қалыптастырылатын болады. Бұл оның өткізу және тасымалдау қабілетін арттыруға, жүк пойыздарын ауыстыру процесін жеделдетуге және қозғалыс қауіпсіздігін арттыруға мүмкіндік береді», деді «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС Бас директорының бірінші орынбасары Қанат Көбесов.
«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметінің хабарлауынша, Қытай тарапы сондай-ақ халықаралық қазақстандық-қытайлық темір жол шекара өткелінің жол учаскесіне ауқымды жаңғырту жүргізуді жоспарлап отыр.