• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 05 Мамыр, 2021

Сенаторлар Биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ҒЗИ қызметкерлерімен кездесті

199 рет
көрсетілді

Абдалы Нұралиев пен Бекболат Орынбеков Жамбыл облысына сапары кезінде Қордай ауданының тұрғындарымен кездесіп, ауыл тұрғындарымен өңірдегі проблемаларды талқылады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Гвардейск кентіндегі Биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институтының базасында өткен жергілікті активпен кездесуде сенаторлар пандемия кезінде орталық қызметкерлерінің қызметіне ерекше мән берілгенін айтты.

«Бүкіл әлемді шарпыған пандемия кезінде Биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институтына зор жауапкершілік жүктелген. Қысқа уақыт ішінде мұнда қажетті инфрақұрылымы бар заманауи ғимарат салынды. Зауыт қызметкерлеріне арналған тұрғын үй құрылысы да аяқталуға жақын. Сондықтан қызметкерлер халық денсаулығы үшін белсенді жұмыс істеуі тиіс», деп атап өтті сенатор Бекболат Орынбеков.

Депутаттар сонымен қатар Кенен Әзірбаевтың әдеби-мемориалдық мұражайында болды. Онда өткен жылы күрделі жөндеу жүргізілген болатын. Ұзақ уақытқа жұмысын тоқтатқан Қордай өткізу пункті де биылғы жылдың сәуір айында толық қайта жаңғыртудан кейін өз қызметін қайта бастады.