• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Білім 05 Мамыр, 2021

Қызылордалық түлектердің 85 пайызы ҰБТ-ға қатысады

267 рет
көрсетілді

Ұлттық бірыңғай тестілеу биыл электронды форматта ұйымдастырылады. Қызылорда облысында сынақ 6 мамыр мен 30 маусым аралығында өтеді. Ол үшін арнайы 4 тестілеу орталығы жабдықталған, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Биыл аймақта 7006 оқушы мектеп бітіреді. Оның 5949-ы ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысады деп жоспарлануда. Биылғы жылғы жаңа ереже бойынша, мектеп бітірушілер ҰБТ-ны екі рет тапсырып, ең жақсы нәтижені грант иелену үшін конкурсқа жолдай алады. Тестілеу барысында санитарлық шектеу шаралары қатаң сақталады», деді облыстық білім басқармасының басшысы Ақзира Қасымова.