• RUB:
    5.05
  • USD:
    521.81
  • EUR:
    543.67
Басты сайтқа өту
Аймақтар 05 Мамыр, 2021

«Алматы жастары 3.0» бағдарламасы келер жылы да жалғасады

347 рет
көрсетілді

Қала әкімі Бақытжан Сағынтаев «Алматы» ТА-дағы Akimat live бағдарламасының тікелей эфирінде қалалықтардың сұрақтарына жауап бере отырып, жастарға тұрғын үй алу үшін жеңілдетілген несие беру бағдарламасы келер жылы да жалғасатынын айтты.

Әкімнің мәліметіше, 2021 жылдың 10 - 31 наурызы аралығында «Алматы жастары 3.0» қалалық бағдарламасы аясында өтініштер мен құжаттар қабылданды, мұнда бастапқы және қайталама нарықта баспана алу үшін 5 пайыздық жеңілдікпен несие беріледі.

Бағдарлама аясында 1000 жас отбасыларды қамту жоспарлануда, олардың арасында ең көп сұранысқа ие мамандықтардың азаматтары бар, олар: медицина қызметкерлері, мұғалімдер, ЖОО-ның және ҒЗИ-ның оқытушылары мен ғылыми қызметкерлері, мәдениет және спорт саласының қызметкерлері, журналистер, жазушылар, халықты әлеуметтік қорғау саласының және құқық қорғау органдарының қызметкерлері.

Бұрын хабарланғандай, 2021 жылы түскен барлық 9 741 өтініштің 5 913-і оң шешілді. 30 сәуірде іріктелген алғашқы 500 қатысушыға өтінім сайтында жолдамалар берілді. Келесі аптада, 7 күннен соң келесі 500 жолдама тапсырылады. Азаматтардың жаппай шоғырлануын болдырмау мақсатында жолдама кезең- кезеңмен берілетін болады.