Бір ай бұрын жоғалған Nur Otan партиясының бұрынғы депутатының мәйіті табылды. 63 жастағы Нұрлан Сүлейменовті құтқарушылар Қарағанды облысы Нұра ауданындағы өзеннен алып шыққан, деп хабарлайды Egemen.kz 31 арнаға сілтеме жасап.
Полиция мәйітті сараптамаға тапсырған.
Айта кетейік, сегізінші сәуірде Мыңбай ауылынан Тассуатқа жолға шыққан азамат сол күйі хабарсыз кеткен еді. Арада екі күн өткен соң марқұмның «Митсубиси Паджеро» көлігі Нұра өзенінен табылды. Іздестіру жұмыстары бір айдан бері тоқтаусыз жалғасқан болатын.