Премьер-лигаға оралған «Атырау» футбол командасына екінші рет айыппұл салынды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Елімізде коронавирус инфекциясына байланысты спорттық жарыстар жанкүйерсіз өтіп келеді. Алайда, 2 мамырда мұнайлы өңір командасының «Каспий» командасымен кездесуінде стадионға жанкүйерлер жиналған. Футболдан ел біріншілігінің ІХ туры аясындағы бұл кездесу Атырауда өткен еді.
«Тәртіптік регламенттің 66-бабына сәйкес «Атырау» ФК-ға 200 АЕК мөлшерінде айыппұл салынсын. Бұл 583 400 (бес жүз сексен үш мың төрт жүз) теңгені құрайды. «Атырау» футбол клубы 2021 жылдың 4 маусымына дейін айыппұл төлесін» делінген Қазақстан футбол федерациясының ақпаратында.