• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 06 Мамыр, 2021

Қостанайда «Жер – адалдық алаңы» фронт-кеңсесі ашылды

281 рет
көрсетілді

Қостанайда «Жер – адалдық алаңы» деп аталатын жаңа фронт-кеңсе ашылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жер қатынастары саласына байланысты мәселелер бойынша өңір тұрғындарына қолдау көрсетуді көздейтін тың жоба облыстық жер пайдалануды және қорғауды бақылау басқармасы мен «Қостанай – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің бастамасымен қолға алынып отыр. 

Жоба жетекшілерінің сөзінше, фронт-кеңсе мамандары өздеріне жүгінген кез келген азаматтың жер кезегіне тіркелуін, жер құжаттарын заңдастыруды ұйымдастырады және құқықтық тұрғыдан ақыл-кеңес береді.   

«Мемлекеттік мекеме мен азаматтардың арасындағы байланысты жеңілдету бағытында біз осындай жұмыс форматын қарастырып отырмыз. Мұнда білікті мамандар халыққа ашық және қолжетімді түрде көмек көрсететін болады. Фронт-офис жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасына келіп түскен өтініштер бойынша жұмыс жүргізеді. Кеңсе жұмысы азаматтардың өтініштері мен талаптарын жан-жақты зерделеуге, барынша ашықтыққа және тұрғындарға қолайлы жағдай жасауға бағытталған», деді «Қостанай – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жетекшісі Анжела Әлжанова.

Былтыр өңірдің барлық қалалары мен аудан орталықтарында дәл осындай фронт-кеңселер ашылғанын айта кеткен жөн. Бұл кеңселер тұрғындар тарапынан жиі сұранысқа ие әлеуметтік маңызы бар мәселелер бойынша тегін қызмет көрсетеді.