• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қазақстан 06 Мамыр, 2021

Еліміздің 292 мектебінде карантин талаптары сақталмаған

423 рет
көрсетілді

Еліміз бойынша мектептердегі карантин талаптарының сақталуына мониторинг жүргізу жалғасуда. 1-29 сәуір аралығында 1688 тексеріс жүргізілді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Білім беру мекмелерінде орын алған карантин режимі талаптарының негізгі заң бұзушылықтары ретінде келесі факторларды атап өтуге болады: бірқатар мектептерде бетперделік режим сақталмаған, арақашықтық белгілері қойылмаған, бөлмелерге ылғалды тазалау және залалсыздандыру жүргізу кестесі бұзылған, сыныптардағы парталар арасындағы қашықтық сақталмаған. Сондай-ақ бактерицидтік шамдардың, санитайзерлер мен залалсыздандыру құралдарының жеткіліксіздігі анықталған.Ағымдағы жылғы 23-29 сәуір аралығында мониторингтік топтар 643 мектепке тексеру жүргізді. Карантин талаптарын бұзушылық 139 мектепте анықталды, яғни 21,6%-і карантин режимі тәртібін бұза отырып жұмыс жасаған.Маска режимін бұзу фактілері 27 мектепте анықталды, 19 мектепте таңертеңгі сүзгі жүргізу тәртібі бұзылған, 6 мектепте әлеуметтік арақашықтық белгілері жоқ, 29 мектеп толық көлемде санитайзерлермен қамтамасыз етілмеген, 34 мектепте ылғалды тазалау және дезинфекция жүргізілмеген.Заң бұзушылықтар саны бойынша жоғары көрсеткішер келесі аймақтарда орын алды:

Қарағанды облысында – 25 бұзушылық;

Қызылорда облысында – 21;

Түркістан облысында – 17.Анықталған барлық карантиндік, санитариялық-гигиеналық талаптарды бұзушылықтар бойынша ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабына сәйкес 312 тұлғаға жалпы көлемі 28 876 184 теңге әкімшілік айыппұл салынды.

Мектептерде түсіндірме жұмыстары жүргізілді.