6 мамыр күні Алматы қаласының уақытымен 13 сағат 07 минут 19 секундта жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды Egemen.kz.
ҚР БҒМ ҒК СТӘЭ мемлекеттік мекемесінің хабарлауынша, зілзала ошағы Алматы қаласынан 199 шақырым қашықтықта тіркелген.
«6 мамыр күні Алматы уақытымен 13 сағат 07 минут 19 секундта жер сілкінісі тіркелді. Жер сілкінісінің эпицентрі Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 199 км жерде Қазақстан мен Қырғызстан шекарасында орналасқан. Магнитудасы: MPV 5.2. Тереңдігі: 15 км», делінген хабарламада.