• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қазақстан 06 Мамыр, 2021

Қазақстанда 2021 жылы мұнайды есепке алу жүйесі өнеркәсіптік пайдалануға енгізіледі

211 рет
көрсетілді

Қазақстанда 2021 жылы мұнай және газ конденсатын есепке алудың ақпараттық жүйесі (МЕАЖ) өнеркәсіптік пайдалануға енгізіледі. Бұл туралы Энергетика вице-министрі Жанат Жахметова Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифинг барысында айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ол МЕАЖ құру және енгізу жұмыстары «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында жүргізіліп жатқанын еске салды. Қазіргі таңда есеп беру құралдарымен жабықтаудың бас схемасы бекітілді, жүйеге пилоттық режимде 4 мұнай өндіруші ұйым, 4 мұнай тасымалдаушы ұйым және 3 мұнай өңдеу зауыты қосылған. Жыл соңына дейін Мұнай мен газ конденсатын жалпы өндіру мен өңдеудің 60%-дан астамын жүзеге асыратын ұйымдарды МЕАЖ-ге қосу жоспарлануда.

Сонымен қатар Энергетика министрлігінде 2014 жылдан бастап жер қойнауын пайдаланушылар үшін есеп беру құралы болып табылатын жер қойнауын пайдалануды басқарудың бірыңғай мемлекеттік жүйесі (БМБЖ) жұмыс істеуін жалғастыруда. Бұдан басқа, БМБЖ-де лицензиялық-келісімшарттық шарттардың орындалуына мониторинг жүргізіледі және мұнай өндіру, тасымалдау және өңдеу бойынша жедел ақпарат жиналады.

Бүгінгі таңда БМБЖ-де 147 жер қойнауын пайдаланушы тіркелген. БМБЖ-ның арқасында интеграцияның 10 түрі іске асырылды, жер қойнауын пайдалануға рұқсат (e-license), SDU, ЕРСОП; жергілікті атқарушы органдардан деректер алу үшін жиынтық өтінімді ресімдеу мүмкіндігі; оны біріктіру және ТМД жеткізу жоспарын қалыптастыру; есептерді электронды түрде тапсыру нысандары автоматтандырылған.

Жанат Жахметова министрлік үш мемлекеттік қызметті автоматтандырғанын еске салды: жер қойнауын пайдалану құқығының және жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектілердің ауысуы; көмірсутектер және уран өндіру бойынша жер қойнауын пайдалануға келісімшарттар және көмірсутектер мен уран өндіру бойынша жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттарға қосымша келісімдер жасасу.

Сонымен қатар, мұнай және мұнай өнімдерін жеткізу жоспары мен кестесін әзірлеуді автоматтандыру, лицензиялық-келісімшарттық шарттар міндеттемелерінің орындалуын одан әрі мониторингілеу үшін қолданыстағы келісімшарттар мен оларға толықтыруларды (2018 жылға дейін жасалған) цифрландыру және есептілікті толығымен электрондық форматқа көшіру жоспарлануда.

Энергетика министрлігі барлығы 23 мемлекеттік қызметті көрсетеді, оның ішінде 22-сі  электронды форматта.

2021 жылдың I тоқсанында 737 мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның ішінде 691-электрондық форматта, 46-қағаз жүзінде.