• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қоғам 06 Мамыр, 2021

Қазақстанда соғыс балаларының мәртебесі анықталды ма?

974 рет
көрсетілді

Соғыс ардагерлерінің қатары сиреп, балалық шағы соғыс жылдарына тура келген азаматтардың өзі 80 жасты еңсеріп қалды. Біз осыған дейін осы мәселені көтеріп, соғыс балаларының мәртебесін анықтаудың кезі келгенін жазғанбыз. Себебі  Қазақстанда кейбір посткеңестік елдерден айырмашылығы соғыс балалары ерекше мәртебеге ие емес және жәрдемақы алмайды. Балалық шағын соғыс ұрлаған азаматтар тыл ардагерлері санатында да емес.   Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Ерлан Әукенов бүгін журналистермен кездескен кезде олардың соғыс ардагерлерімен теңестірілмеу себебін  түсіндірді, деп жазады Egemen.kz

Қазақстанда тиісті заңды қабылдауға талпыныс жасалды 2011 жылы сол кездегі Сенат депутаты Хусаин Уәлиев Үкімет басшысына Ұлы Отан соғысы ғана емес, тыл еңбеккерлері­нің қатары да сиреп келе жатқанын, «соғыс уақы­тындағы бала­лар» атты әлеуметтік санат жоқ екенін ай­тып, «Соғыс уақы­тындағы балалар және олардың мәртебесі туралы» заң жобасын әзірлеу, оны қабылдасақ игі деген ой тас­таған еді. Бірақ бұл сауал хабарсыз кетті.

Сарапшылар қазір 1936 жылға дейін туғандарды соғыс және тың ардагерлері деп атайтынымызды, жыл сайын  осы санатқа қосылатын адамдардың жасын жоғарылатуға болатынын айтады. Олардың пайымынша, 1937-1945 жылдары туған азаматтарды да осы санатқа қосуға болады. Соғыс ардагерлерінің тең жартысы үлкен қалаларда тұрады. 1937-1945 жылдары туған азаматтардың қанша екенін анықтау қиын емес. Посткеңестік кеңістіктегі соғыс баласын Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде туылған немесе соғыс аяқталған кезде олар әлі 18 жасқа толмаған адамдар деп атайды. Қазақстанда Ұлттық статистика бюросының мәліметтері бойынша 2020 жылы 472 мың адам болған, олардың балалық және жастық шағы осы жылдарға сәйкес келген.  Украинада «соғыс баласы» термині заңнамада бекітілген. Олар жәрдемақы мен зейнетақы үстемесіне құқылы.  Қазақстандағы қолданыста жүрген заңдарда «соғыс балалары» ұғымы және олар үшін әлеуметтік жеңілдіктер қарастырылмаған.  Шындығында, Ұлы Отан соғысы жылдарында біздің еліміздің аумағында тікелей ұрыс қимылдары болған жоқ », деді вице-министр ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихаты барысында.  Ресейде  федералдық заңнама деңгейінде «соғыс балалары» ұғымы да жоқ, бірақ кейбір аймақтарда (мысалы, Амур, Белгород, Пенза облыстарында) оларға зейнетақы төлемдері беріледі.

«Егер біз Беларусь Республикасы мен Ресей Федерациясының тәжірибесін алатын болсақ, онда ең алдымен осы кезеңдегі жұмыс тәжірибесіне баса назар аударылады.  Қазақстанда бұл санаттағы азаматардың жалпы саны  - 80 мыңнан асады», деп толықтырды Әукенов.