• RUB:
    5.41
  • USD:
    472.49
  • EUR:
    515.44
Басты сайтқа өту
Оқиға 07 Мамыр, 2021

«Ерлікке тағзым – ардагерлерге құрмет»

1090 рет
көрсетілді

Мемлекеттік орталық музей­де Жеңіс күніне орай ІІ дү­ние­жүзілік соғыс ардагерлеріне әлеуметтік қолдау көрсету мақ­сатында «Ерлікке тағзым – арда­герлерге құрмет» қайы­рым­ды­­лық акциясы өтті.

«Қайы­рымдылық акциясы ардагерлерге бүгінгі бейбіт күн үшін ал­ғыс пен ризашылық біл­дірудің бір мүмкіндігі», дейді ұй­­ым­дастырушылар. Музей қызметкерлері қайырымдылық шарасын «Ардагерлерімізді бірге құттықтаймыз!» бағытында жалғастырып, демеушілер ұсынған сыйлықтарды табыс ету үшін ардагерлердің үйіне барды. 

Қайырымдылық акциясына де­меушілік көрсеткендер қата­рында Алматы қаласындағы ҚХР Бас кон­сул­дығы, «Аламәт» продюсерлік ор­та­лығы, «Ми­рас» аналар қоғамдық бір­лес­тігі және  басқа да компания­лар бар.

 

АЛМАТЫ