• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 07 Мамыр, 2021

Шығыс Қазақстан: Изолятор қызметкерлері ізеттілік көрсетті

346 рет
көрсетілді

Өскемен қаласы Тергеу изоляторының қызметкерлері көпбалалы отбасыларға, әлеуметтік аз қамтылғандарға үнемі қайырымдылық жасап жүреді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жуықта өздерінің 3 баласынан бөлек 2 баланы бауырларына басып алған отбасына сыйлық жасап қайтты. Отбасындағы бес бала да мектеп оқушылары. Рамазан айында аз да болса бір отбасыға көмек беріп, балалардың жүзіне күлкі ұялатқан мекеме қызметкерлеріне ана жүрек те алғыс айтқан.

Сонымен қатар, ҚАЖД ОВ-156/1 мекемесінің қызметкерлері коронавирус инфекциясының алдын алу мақсатында, «Өзіңе және жақындарыңа абай бол!» атты  акция өткізді. Акция аясында мекеме қызметкерлері көшеде бетпердесіз жүрген жаяу жүргіншілерге медициналық бетперде таратты.  

– Біз қайырымдылық істермен үнемі айналысып жүреміз. Айналамыздағы адамдарды қуантып, демеу болғымыз келеді. Әрине, бәрін тізіп айта бермейміз. Десе де, мұқтажға жебеу болатынымызды бірі білсе, бірі білмей жатады, – дейді подполковник Жасұлан Мырзаханұлы.