• RUB:
    5.47
  • USD:
    473.29
  • EUR:
    512.81
Басты сайтқа өту
Аймақтар 08 Мамыр, 2021

Қостанай облысында екі адамды пышақтаған күдікті ұсталды

367 рет
көрсетілді

Қостанай облысының Амангелді ауданына қарасты Қарасу ауылының тұрғыны аса ауыр қылмыс жасады деген күдікпен қамауға алынды, деп хабарлайды Egemen.kz.

47 жастағы ер адам 55 жастағы өз ауылдасы мен оның 82 жастағы анасын пышақтап тастаған. Облыстық полиция басқармасының мәліметінше, ер адам пышақ жарақатынан жан тапсырып, анасы ауруханаға жеткізілген.  

«Амангелді аудандық полициясы «Адам өлтіру» және «Адам өлтіруге оқталу» баптары бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстарын бастады. Жантүршігерлік қылмысты жасады деген күдікпен 47 жастағы жергілікті тұрғын ұсталды. Өзіне өзі қол жұмсап қылмыстық жауапкершіліктен жалтарғысы келген күдікті қазір ауруханада жатыр. Кешенді тергеу шаралары жүріп жатыр. Сараптамалар тағайындалды. Қылмыстың себебі анықталып жатыр», деп мәлімдеді облыстық ПБ-ның баспасөз қызметі.