Софияда күрес түрлерінен Олимпия ойындарының соңғы жолдамалары сарапқа салынған жарыс аяқталды. Өкінішке қарай, Қазақстанның грек-рим күресі шеберлері де бұл жарыста сәтсіз өнер көрсетті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Осы жарыстағы соңғы үмітіміз Алмат Кебісбаев еді. 67 кило салмақта өнер көрсеткен қазақтың атақты балуаны бастапқы бәсекелерде венесуэлалық Энтони Хавьер Паленсия Пуентес (5:3) пен түркиялық Энес Башардан (5:0) басым түскенімен, жартылай финалда франциялық Мамедаса Силаға (2:5) есе жіберді. Сөйтіп, Алмат та Олимпиадада күш сынасатын балуандардың тізіміне қосыла алмады.