Қостанайда Жеңістің 76 жылдығына арналған мерекелік шаралар аясында концерттік бағдарламалар ұйымдастырылып, әскери көрме ашылды. Қала орталығына жиналған көпшілік сағат 9 жарымда 23 ардагер мінген автошеруге ілесіп Жеңіс саябағын бетке алды.
Салтанатты шараға 10 майдангер денсаулығына байланысты қатыса алмады. Әкімдік ғимаратының алдынан сап түзеп шыққан мерекелік шеру Жеңіс саябағына тоқтады. Ардагерлер соғыста қаза тапқан жауынгерлер мемориалына гүл шоқтарын қойып, майдан даласынан оралмаған қандыбалақ қаруластарының рухына тағзым етті.
Сағат 10:00-де Сити-орталықта тігілген әскери палаткаларға орналастырылған «Мәңгі есте» көрмесі өз жұмысын бастады. Көрмеге соғыс жылдарынан сыр шертетін фотоқұжаттар, кітаптар мен сол кезеңде пайдаланылған қару-жарақ түрлері мен әскери құралдар қойылды.
Облыстық тарихи-өлкетану музейі көпшілік назарына ҰОС қағармандарының фотосуреттерін, әскери ұшқыштар мен танкистердің бас кимідері мен майданнан жазылған хаттарды ұсынды. Сондай-ақ, көрмеге Кеңес одағының қаһарманы Сейітхан Темірбаев пен 151-атқыштар бригадасының командирі Леонид Яковлевтің шинелдері қойылды.