• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 11 Мамыр, 2021

ШҚО-дағы орман өртіне қатысты күдікті ұсталды

781 рет
көрсетілді

Шығыс Қазақстан облысының полиция қызметкерлері алапат өртке қатысты күдіктіні ұстады, деп хабарлайды Egemen.kz.

ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, кеше Риддер орман шаруашылығында шыққан тілсіз жаумен күресуге 300-ден астам полицей жұмылдырылған.

«ҚР Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың бұйрығы бойынша өңірдің тәртіп сақшылары оқиға орнында тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырып, халыққа көмек көрсетті. Құтқарушылармен бірге қызыл жалынды ауыздықтауға кірісіп, Лесхоз кентінің тұрғындарын эвакуациялада»,  делінген хабарламада.

Риддер қалалық Полиция бөлімінің жеке құрамы түгелдей күшейтілген жұмыс режиміне көшкен. Сондай-ақ өрт ошақтарында 40-қа жуық арнайы техника жұмыс істеуде.

«Қазіргі уақытта аталған өрт фактісі бойынша күдікті ұсталды. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 204-бабы 2-бөлігіне сәйкес тергеу амалдары жүргізілуде», делінген ақпаратта.

Естеріңізге сала кетсек, 10 мамыр күні ШҚО-дағы Риддер орман шаруашылығында өрт шықты. Дала өрті 310 гектар аумақты шарпып, 1 адам қаза тапты. Өртке байланысты шұғыл желі іске қосылды.

Мемлекет басшысы Үкімет пен Шығыс Қазақстан облысының әкімдігіне өрттен зардап шеккен Лесхоз кентінің тұрғындарына көмек көрсетіп, баспанамен қамтамасыз етуді тапсырды.