Облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің ақпаратына сүйенсек, коронавирус инфекциясына қарсы вакцина салдыру үшін 36 стационарлық, 10 жылжымалы бекет жұмыс істейді.
Аталған бекеттерде соңғы үш күнде – 8, 9, 10 мамырда 1 690 адам «Спутник V» және «Qazvac» вакциналарының І компонентін салдырыпты.
«Атырау облысында 1 ақпан-10 мамыр аралығында коронавирусқа қарсы вакциналардың І компонентін салдырғандардың саны 39 878 адамға жетті. Ал, ІІ компонентті 14 116 адам алды» деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметі.