Қазан қаласында болған мектептегі қайғылы оқиғадан кейін 12 мамыр Татарстанда аза тұту күні болып жарияланды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Бұл туралы Татарстан президентінің баспасөз қызметі хабарлады.
Айта кетейік, Қазан қаласында білім беру мекемесінде болған атыс кезінде мұғалімдер мен оқушылар қаза тапты. Бірнеше адам ауруханаға түсті.