• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Әлем 11 Мамыр, 2021

ДДҰ: Коронавирус қаупі әлі сейілген жоқ

154 рет
көрсетілді

ДДҰ COVID-19 ауруы бойынша көрсеткіштің жоғарылағаны туралы хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Америка мен Еуропаны қоса алғанда, барлық аймақта аурудың төмендеуі байқалғанына қарамастан, жалпы көрсеткіш ұлғайған. Ұйымның айтуынша, қауіп әлі сейілген жоқ. Әр өңірде инфекция деңгейі әлі де жоғарылап жатқан жекелеген аймақтар бар.

Үндістанның Буксар қаласындағы Ганг өзенінен COVID-19-дан қайтыс болған адамдардың кем дегенде отыз мәйіті табылды.

Округ әкімшілігі көз жұмған адамдардың денесі көрші мемлекеттен сумен ағып келген болуы мүмкін деп мәлімдеді. Алайда жергілікті халық жағалауда орналасқан ауыл тұрғындары кремация мен жерлеу рәсімінің қымбат болуына байланысты қайтыс болған адамдардың денелерін өзенге амалсыздан лақтырады деп санайды.

Үндістан коронавирус инфекциясын жұқтырудың жаңа жағдайларының тіркелуі бойынша әлемде екінші орында. Елде вирус жұқтырғандар саны 22,2 миллионнан асты.

Ұлыбританияда ұзақ мерзімдік қатаң шектеулерден кейін 17 мамырдан бастап қоғамдық орындар мен пабтарда, кафелер мен мейрамханаларда кездесулерге рұқсат етіледі. Бұл төрт кезеңдік карантиндік шектеулерін жеңілдетудің үшінші сатысы. Биліктің айтуынша, жаппай вакциналаудың арқасында елдегі эпидемиологиялық жағдай айтарлықтай жақсарды.