Елбасы Н.Назарбаев Түркістанға сапары барысында «Әзірет Сұлтан» қорық-мұражайының аумағында салынған ботаникалық «Яссы» бағының даму барысымен танысты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Бірнеше аллея, лабиринт, сәндік тоғандары бар бақтың көлемі 8 гектарға жуықтайды. Мұндағы жеміс ағаштары мен өзге де мыңға жуық декоративті ағаштардың көшеттері Германия, Бельгия мен Өзбекстан елдерінен әкелініп отырғызылған. Ал жасыл желектер 6 ұңғымадан шығатын сумен суарылады.
Сондай-ақ Тұңғыш Президентке «Күлтөбе қалашығы» археологиялық саябағын құру бойынша жобаның жүзеге асырылу барысы таныстырылды.