• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Елбасы 11 Мамыр, 2021

Елбасы Түркістандағы музыкалық драма театрдың жұмысымен танысты

630 рет
көрсетілді

Түркістанға сапары барысында Тұңғыш Президент  жаңадан салынған музыкалық драма театрында болып, ұжыммен кездесті.  

Жаңа театрда  түркі әлеміне ортақ қойылымдар сахналанады. Композициялық көрінісі мен  сәулеттік келбеті өзгеше театрда шетелдік танымал өнер қайраткерлері де өнер көрсетеді. Төрт қабатты өнер ордасының  көрермендер залы 510 адамға арналған. Мұнда вестибюльдің, кулуарлардың, фойенің, жинақтау холлдары мен VIP залдар ұлттық нақышпен безендірілген. Театрда көрермендерге және қызметтік персоналға шұғыл медициналық көмек көрсететін дәрігерге дейін қарастырылған. Театрдың бас директоры Айнұр Көпбасарованың айтуынша, 190 адам штаттық режимде жұмыс істей алады. Қазір  актерларды жұмысқа қабылдау жүруде. Олардың қатарында Дубайда, Мәскеуде тәжірибе жинаған режиссерлар мен композиторлар, менеджерлер бар. Жаңа ғимараттың  жалпы ауданы  11 мың шаршы метрден асады. Театр басшылығының мәліметінше, алғашқы қойылым  5-ші қыркүйекте көрермендер назарына ұсынылады. Оған дейін сахнаны безендіру, қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету жұмыстары да жүргізілмек.

Елбасы музыкалық драма театры ғимаратында журналистермен сұхбаттасып, Түркістанның бүгіні мен ертеңі жайлы пікірін білдірді.