Атыраулық полицейлер еріктілер және блогерлермен бірге граффити жазбаларын өшірді, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Қала көшелері мен көпқабатты үй дәліздерінде есірткі сайттарын жарналамалайтын графитти жазулардың көбеюі тұрғындарының наразылығын тудыруда. Осыған байланысты есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы мен жергілікті полиция қызметкерлері блогер Аликош Романовамен және еріктілермен бірге Баймұханов көшесінде, вокзал маңы шағын ауданында және элеватор маңында орналасқан мәйіттер ішіндегі 100-ге жуық графитти жазбаларын өшірді», деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.