«Еліміздің басым бөлігінде атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты тұрақсыз ауа райы сақталады, найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Республика бойынша тұман түсіп, найзағай ойнайды, желдің күшейіп, дауыл соғады, сондай-ақ бұршақ жаууы ықтимал», делінген хабарламада.
Ақмола, Қостанай облыстарының кей жерлерінде тұман түседі, жел 15-20 м/с күшейеді.
Жамбыл, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде найзағай, тұман болып, күндіз жел 15-20 м/с күшейеді, Жамбыл облысында бұршақ жаууы ықтимал.
Шығыс Қазақстан, Павлодар, Қызылорда облыстарында жел 15-20 м/с күшейеді, күндіз Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай ойнайды.
Атырау, Маңғыстау облыстарында найзағай болып, түнде Маңғыстау облысында жел 15- 20 м/с дейін күшейеді.
Алматы, Батыс Қазақстан облыстарында найзағай ойнап, жел 15-20 м/с күшейеді, бұршақ жаууы ықтимал. Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде дауыл соғады.
Түркістан облысында жел 15-20 м/с күшейеді, тауда найзағай ойнайды.
Солтүстік Қазақстан облысында ауа температурасы төмендеп, үсік жүреді.