• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 12 Мамыр, 2021

​​Біз фермерлерге суармалы суды арналардан тікелей беруге дайынбыз – Экология министрлігі

206 рет
көрсетілді

ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев Алматы облысына жұмыс сапары барысында Бартоғай су қоймасының жұмысымен танысып, суармалы судың жаңа тарифін талқылау үшін жергілікті фермерлермен кездесті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Естеріңізге сала кетейік, биылғы жылдың 1 мамырынан бастап елімізде суармалы суды беру тарифі 0,421 теңге/м3-ден 0,739 теңге/м3-ге дейін (қосымша құн салығымен) өсті.Шаруа қожалықтары каналдардан су алу үшін ауыл шаруашылығы тұтыну кооперативтеріне бірігеді.«Д.Қонаев атындағы ҮАК» филиалы» 13 АӨК суын жібереді және берілген судың 1 м3 үшін есеп айырысу жүргізіледі, одан кейін АӨК 1,5 мың шаруа қожалықтарына ішкі шаруашылық каналдары бойынша су жеткізеді және 1 гектар үшін ақы алады. Егер тарифтің ұлғаюына дейін АӨК-ден 1 га үшін баға 10 мыңнан 15 мың теңгеге дейін өзгеретін болса, қазіргі уақытта кейбір АӨК бойынша тарифтің ұлғаюына сілтеме жасай отырып, бір гектар үшін баға 27 мыңнан 35 мың теңгеге дейінгі көрсеткішті құрады. Әрине, бұл АӨК-ден су алатын ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер үшін қымбатқа түседі», деп атап өтті филиал директоры Серікал Мұқатаев.Министрдің айтуынша, АӨК арналарды жұмыс жағдайында ұстауға қаражат салуы тиіс.«Суаратын суға тарифтерді көтеру – бұл мәжбүрлі шара. Тарифтердің деңгейі «Қазсушар» РМК-ның магистральды арналарды ұстауға арналған шығыстарын өтемеді. Олардың жағдайы нашар болғандықтан техникалық шығындарға байланысты су фермерлерге жетпейді. Бұл маңызды мәселелерді шешу қажет», деп атап өтті Мағзұм Мырзағалиев. Ведомство басшысы сондай-ақ су үнемдеу технологияларына көшу маңызды екенін, бұл өнімділікті арттыруға ықпал ететінін атап өтті.«Біз қосымша шығындардан құтылу үшін шаруаларға тікелей су беруге дайынбыз. Бұл ретте Қазсушар Су шаруашылығы объектілерін ұстауға жұмсалатын шығындарды өз мойнына алады. АӨК-ге қойылатын басты талап – тарифтерді көтермеу және шаруашылықаралық желілерді жөндеуге, арналарды тазалауға қаражат салу. Осылайша, фермерлер өз қаражатының қайда жұмсалып жатқанын білетін болады», деді министр.Мағзұм Мырзағалиев Бартоғай су қоймасының гидротехникалық құрылыстарын қарап шығып, «Қонаев атындағы ҮАК» филиалына аймақтардағы ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін суармалы сумен үздіксіз және ұтымды қамтамасыз ету бойынша нақты міндеттер қойды.