Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Асхан Байдуәлиев мәлім етті, деп хабарлайды, Egemen.kz.
Басқарма басшысының айтуынша, 11 мамырда өңірдің бір тұрғыны «Hayat-Vax» вакцинасын салдырған.
«Біздің облыста тұрғындарды жаппай вакциналау жалғасып жатыр. Жақында аймаққа Біріккен Араб Әмірлігінің «Sinopharm» компаниясы шығарған «Hayat-Vax» вакцинасының 7 500 дозасы жеткізілді. Вакцинаның алғашқы 200 дозасы «Медикер Жайық» серіктестігіне жіберілді. Дозаның қалған бөлігі қоймада сақтаулы тұр. Оны вакциналау бекеттеріне бөліп береміз», деді Асхан Байдуәлиев.