• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Әлем 12 Мамыр, 2021

Қазанда 9 адамды өлтірген күдіктінің кім екені айтылды

619 рет
көрсетілді

Қазандағы мектепке шабуыл жасаған күдікті бұрын полиция мен әлеуметтік қызметтің есебінде тұрмаған. Отбасында да қиындықтар байқалмаған. Бұл туралы Татарстандағы Бала құқығы жөніндегі өкіл хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Әзірге күдіктінің ата-анасымен байланыс жасау мүмкін болмай тұр. Оқыған оқу орны күдіктінің «салмақты және ұқыпты студент» болғанын айтқан.

Бүгін – Татарстан Республикасында аза тұту күні. Тұрғындар Қазан қаласындағы шабуыл жасалған мектепке гүл шоқтары мен ойыншықтар әкеліп жатыр. Мәскеудегі Татарстан өкілдігінде тағзым ету орны ашылған. 

Естеріңізге сала кетейік, 11 мамырда Қазан қаласындағы мектептердің бірінде 19 жастағы жігіт оқ атып, 9 адам қаза тапты. Олардың арасында 7 бала бар. Жарақат алған 21 адам ауруханаға жеткізілді. Қазіргі таңда күдікті ұсталып, қамауға алынды.