• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Қоғам 12 Мамыр, 2021

Қайырымдылық велошеруі

69 рет
көрсетілді

Тәуелсіздіктің 30 жылдығы мен Жеңіс күніне арналған велошеруге облыстық, қалалық және Қостанай аудандық мәслихат депутаттары қатысты. Таңертеңгілік бір-бір велосипед мінген халық қалаулылары қала шетімен 14 шақырым жүріп өтіп, Тобыл жағалауындағы Тәуелсіздіктің 25 жылдығы атындағы саябаққа келіп тоқтады. Велошеруді жол полициясы мен жедел жәрдем көлігі бастап жүрді.

– Іс-шараның мақсаты – өскелең ұрпаққа үлгі көрсету, сол арқылы оларға азаматтық, патриоттық тәрбие беру, сондай-ақ саламатты әрі белсенді өмір салтын насихаттау, – деді акция­ны ұйымдастырған облыстық мәслихаттың депутаты Бауыржан Тибеев.  

Депутаттар саябақ алаңында ша­ғын қайырымдылық шарасын өткізіп, көпбалалы және тұрмысы төмен отбасыларда тәрбиеленіп жатқан бірнеше балаға велосипед тарту етті.

– Осыдан бір-екі күн бұрын қалалық білім бөлімінің маманы қоңырау шалып, бізді  Тә­уел­сіз­діктің 25 жылдығы атын­­дағы саябақта тосын сый кү­­тіп тұр­­ғанын хабарлап, 10 мамыр күні осында келуімізді сұра­ды. Қызым бұл сәтті тағат­сыз­­­дана күтті. Сөйт­сек, тосын сый өзіміз көптен бері ар­ман етіп келе жатқан велоси­пед екен. Қызымның қуа­ны­шын­да шек жоқ, сыйлық ұна­ды. Осын­дай шуақты шараны ұйым­­дас­тырушыларға ана­­лық алғы­сым­ды айтқым келе­ді. Бә­ріңізді би­ылғы Тәуел­сіз­­ді­гі­міз­дің 30 жыл­дық мере­ке­сімен құт­­тық­тай­мын! – деді көпбалалы ана Қымбат Омарова.

Қайырымдылық шарасынан кейін депутаттар саябақтың кіре­берісіне жақын жерден арнайы бөлінген алаңқайға жасыл шырша көшеттерін отырғызды. «Біз жастардың назарын экологиялық мәселелерге аударып, қаламызды таза ұстауға шақырғымыз келеді. Енді бұл көшеттерді алғашқы екі жыл бойы күн сайын суарып отыру керек. Өйткені шырша бастапқыда жақсы күтімді қажет етеді. Әсіресе күн ыстықта сусыз қалдыруға болмайды. Бұл міндетті бүгін бізбен бірге осы шараға атсалысып жатқан ерікті жастар мен студенттер атқа­рамыз деп отыр, деді автошеруге қатысқан «Большевичка» фаб­рикасының директоры Әрсен Жетпісбаев.   

Тәуелсіздік саябағына 100 шақты шырша көшетін отыр­ғызған халық қалаулылары қала орталығына дейін тағы 6 шақы­рым жүріп өтті. 

 

Қостанай облысы