• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Елорда 13 Мамыр, 2021

Елорда әуежайында екі жолаушыдан вирус анықталды

287 рет
көрсетілді

Нұр-Сұлтан әуежайының баспасөз қызметі Ashyq жобасының алғашқы күнін қорытындылады, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Ashyq жобасының алғашқы күнінде Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайының қызметкерлері төрт «сары», екі «қызыл» белгісі бар жолаушыларды анықтады. Алгоритм бойынша, «қызыл» белгісін көрсеткен жолаушылар жедел жәрдем келгенге дейін оқшауланып, одан кейін олар ауруханаға жатқызылды», дейді баспасөз қызметінің өкілі.

12 мамырдан бастап Ashyq жобасы Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайында толығымен іске қосылып, жұмыс істеп жатыр.

«Барлық жолаушыға (ұшып бара жатқан) әуежайға келер алдында ұялы телефонына қосымшаны жүктеп алып, ондағы мәртебесін алдын ала тексеру қажет екенін ескертеміз. «Сары» және «қызыл» мәртебесі бар жолаушылар терминал ғимаратына кіргізілмейді. Ұшаққа жіберілмеген жағдайда билет ақшасын қайтару туралы сұрақтар әуе компаниясына жолдануы керек», делінген мәліметте.