• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 13 Мамыр, 2021

Елордада демалыс күндері жәрмеңке өтеді

598 рет
көрсетілді

Демалыс күнгі жәрмеңкелер елорда тұрғындары арасында үлкен сұранысқа ие. Себебі мұнда бірінші қажеттіліктегі азық-түлікті нарықтан төмен бағамен сатып алуға болады, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

17 сәуірден бастап Есіл ауданының Сауран көшесі, 7 мекенжайында демалыс күнінің жәрмеңкесі басталды.

15 мамырдан бастап Сарыарқа ауданы, Қосшығұлұлы көшесі, 14 мекенжайында да осындай жәрмеңке өтеді.

Қалалық ауыл шаруашылығы жәрмеңкелері әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын ұстап тұру, тұрғындар үшін азық-түлік өнімдеріне қадамдық қолжетімділікті қамтамасыз ету және бәсекелестік ортаны құру мақсатында өткізіледі.

Жәрмеңкеге Ақмола, Қарағанды облыстарының елордаға жақын аудандарынан шыққан отандық тауар өндірушілер, шаруа және фермерлік қожалықтар, сондай-ақ, қаланың жеке кәсіпкерлері қатысты.