• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қазақстан 13 Мамыр, 2021

«Ashyq» жобасы еліміздің басқа да әуежайларына енгізіледі

493 рет
көрсетілді

«Ashyq» жобасы еліміздің басқа да әуежайларына енгізіледі. Бұл туралы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Әсет Тұрысов мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.

«11 мамырдан бастап көліктегі бас санитарлық дәрігердің қаулысымен «Ashyq» жобасына қатысатын әуежайларды қоспағанда, қызыл аймақта орналасқан шығарып салушылар мен қарсы алушылардың әуежай ғимараттарына кіруін шектеу бойынша талаптар қойылды», деді вице-министр.12 мамырдан бастап Нұр-Сұлтан қаласының әуежайы осы жобаға қосылды. Шығарып салатын және қарсы алатын жолаушылар әуежай ғимаратына қосымшаның көмегімен өтеді. «Әуежайдағы «Ashyq» жобасы аз уақыттың ішінде өзінің тиімділігін көрсетті. Мәртебесі қызыл – 8, мәртебесі сары – 9 жолаушы анықталды. Бұл адамдардың індет жұқтырғанын, ауырып жүргенін біле тұра,  әуежайға келіп, Қазақстан бойынша жүруге тырысатынын көрсетеді. Сонымен қатар 21 мамырдан бастап «Ashyq» жобасы Алматы қаласының әуежайында енгізіледі», деді Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Әсет Тұрысов.