• RUB:
    5.03
  • USD:
    492.22
  • EUR:
    529.38
Басты сайтқа өту
Аймақтар 13 Мамыр, 2021

Павлодар облысында ірі сүт фермасы салынады

376 рет
көрсетілді

Павлодар облысына қарасты Железин ауданында ірі сүт фермасы салынып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Железин ауданының әкімі Қанат Кашкиров Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында мал шаруашылығын дамыту туралы  баяндады.

«Веселорощин ауылдық округінде «Астық-ПВ» ЖШС 600 басқа арналған тауарлы сүт фермасын салуды жоспарлап отыр. Құны 1,9 млрд теңге болатын осы жобаны іске асыру бойынша «Жол картасы» әзірленді. Рұқсат құжаттары алынды», деді спикер. 

Кешен құрылысын тамыз айында аяқтап, қыркүйек айында мал әкелу жоспарланып отыр. Железин фермерлері «Сыбаға» мемлекеттік бағдарламасына белсенді қатысуда. Жыл соңына дейін Ресей мен Еуропадан 600 бас ірі қара мал, сондай-ақ жергілікті шаруашылықтар жеткізе алатын екі мыңға жуық ұсақ мал келуі тиіс.Спикердің айтуынша, соңғы үш жылда ауданда ауыл шаруашылығы малдары санының және өнім өндіру көлемінің тұрақты өсу үрдісі сақталып отыр. 

«Мал шаруашылығы өнімдерін өндіруді орта есеппен 4%-ға  арттыру жоспарланып отыр. «Сыбаға» бағдарламасының арқасында ет өндіру көлемі 6 мың 693 тоннаны құрап, 104%-ға   артты, сондай-ақ ірі қара мал өсіру бойынша 10 шаруашылық және ұсақ мал өсіру бойынша бес шаруашылық ашылды», деп нақтылады Қанат Кашкиров.  

2021 жылы железиндіктер мал мен құс етін өндіру, сиыр сүтін сауу, өнімділікті арттыру есебінен ауыл шаруашылығы өнімдері өндірісінің 3,9% өсуін қамтамасыз етуге ниетті.

Соңғы жаңалықтар