• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 14 Мамыр, 2021

Орал халықаралық әуежайына Мәншүк Мәметованың есімін беру ұсынылды

1447 рет
көрсетілді

«Nur Otan» партиясы Батыс Қазақстан облыстық филиалының кезекті ХХVII есеп-беру сайлау конференциясы кезінде Орал халықаралық әуежайына Мәншүк Мәметованың есімін беру үшін ономастикалық комиссияға ұсыныс жолдады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бұл ұсыныс мәдениет пен өнерді дамыту мәселелері жөніндегі «Мирас» аймақтық қоғамдық кеңесі мүшелерінен шыққан. Бұдан бұрын Атырау мен Ақтөбе қалаларындағы әуежайларға қазақтың батыр қыздары Хиуаз Доспанова мен Әлия Молдағұлованың есімдері ұсынылған еді.

Конференцияда партияның облыстық филиалы менбақылау-тексеру комиссиясының 2019-2020 жылдары атқарған жұмыстары және алдағы жоспары туралы да кеңінен сөз болған.

Облыс аумағында партияның 241 бастауыш ұйымы мен 13 аумақтық филиалы бар. Филиал төрағасы, Батыс Қазақстан облысының әкімі Ғали Есқалиевтың айтуынша, жаңадан сайланған бастауыш партия ұйымдары төрағаларының 33%-ы – әйелдер, 26%-ы – 35 жасқа толмаған жастар екен.

«2019-2020 жылдары облыстық филиалдың қоғамдық қабылдауына 10 мыңнан астам өтініш келіп түсті, оның 39%-ы оң шешімін тапты. Екі жыл ішінде мәслихат депутаттары, мемлекеттік органдардың басшылары, әкімдер мен әкім орынбасарлары, заңгерлер 3440 қабылдау өткізіп, қабылдауға 4948 адам келді» дейді облыстық филиал төрағасының бірінші орынбасары Мұрат Мұқаев.

Партияның «Бақытты отбасы» жобасы аясында тиісті мемлекеттік органдар өкілдерінен тұратын жедел мобильді топтар құрылып, қиын жағдайға тап болған көпбалалы, толық емес, аз қамтылған отбасылардағы балалардың жағдайына монитринг, одан әрі нақты көмек жасалуда.

«BIRGEMIZ» республикалық акциясы аясында халықтың аса мұқтаж 6 тобының өкілдеріне (29 254 облыс тұрғынына) 50 000 теңгеден (жалпы сомасы 1,4 млрд.теңге) көмек көрсетіліп, 9 200 отбасына азық-түлік себеті үлестірілген.

Биылдың өзінде Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен ардагерлеріне және тыл еңбеккерлеріне жалпы 77 адамға, азық-түлік себеттері табысталған.

Жылдың басынан бері тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған түрлі спорттық ұлттық ойындар өткізілсе, наурыз-сәуір айларында тазалық апталықтары жүргізіліп, 1000-нан астам көшет отырғызылған.