• RUB:
    4.86
  • USD:
    441.66
  • EUR:
    475.14
Басты сайтқа өту
Аймақтар 16 Мамыр, 2021

Батыс Қазақстанда екі жүк көлігі өртеніп, 2 адам мен 39 жылқы жанып кетті

776 рет
көрсетілді

Оқиға 15 мамыр күні сағат 23:56-да Самара-Шымкент жолының 464-шақырымында, Қаратөбе ауданы аумағында болған, деп хабарлайды Egemen.kz

Тіркемесіне 40 жылқы тиелген «КамАЗ» бен бос келе жатқан Mersedes-Benz Actros жүк көлігі соқтығысып, түгелдей отқа оранған.

Соның салдарынан «КамАЗ» жүк көлігінің тіркемесіндегі 39 бас жылқы жанып кеткен. Автокөліктерден өртеніп кеткен екі адамның мәйіті алынды. Бір адам түрлі жарақатпен Сырым аудандық орталық ауруханасына жеткізілді. Қаза тапқан және зардап шеккен адамдардың кім екені анықталып жатыр. Өрт бүгін таңғы сағат 04.47-де сөндірілді. Қазір сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.