• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Әлем 16 Мамыр, 2021

Британия ханшайымы вакцина салдырғаннан кейін ауырып қалды

199 рет
көрсетілді

Кент Майкл ханзаданың 76 жастағы жұбайы Мария Кристина фон Рейбниц коронавирусқа қарсы AstraZeneca вакцинасын алған соң халі нашарлады, деп хабарлайды Egemen.kz Британияның The Sun басылымына сілтеме жасап.

Ханшайымда вакцина салдырғаннан кейін тромбтар пайда болған. Оның төсек тартып, үйде емделіп жатқанына бір ай болыпты.

«Ханшайым өзін нашар сезініп, дәрігерлердің көмегіне жүгінді. Жақындары оның мұндай азап шегіп, қиналғанын көргісі келмейді. Сондықтан тезірек сауығып кетіп, арамызға оралғанын қалаймыз», деді ханшайымның туыстары.