• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
Аймақтар 17 Мамыр, 2021

Жұқтырғандар саны жүзден түспей тұр

152 рет
көрсетілді

Қазақстан өңірлеріндегі эпи­де­миялық ахуалды баға­лау матрицасы бойынша бірде «қызыл», бірде «сары» аймақ­тағы Шымкентте коронавирус індетінің таралу деңгейі соң­ғы тәуліктерде 100-ден түспей тұр. Шымкент қаласында 14 ма­мыр күні індеттің 102 жағ­дайы тіркелсе, жексенбіде бұл көрсет­кіш бір адамға ғана төмендеді.

Қазіргі таңға мамандан­ды­рыл­­ған инфекциялық стационарларда барлығы 1 406 орын бар, төсектік орын толымдығы – 46%, 756 орын бос. Қалалық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, ин­фекциялық стационарда 650 науқастың 320-сы коронавирустан, 325-сі пневмониядан емделуде.

Егу науқаны басталғалы 160 мыңнан астам адам вакцина­ланған, оның 65 мыңға жуығы вакцинаның екі компонентін алды. Иә, індеттен сақтанудың басты жолы екпе салдыру екені мамандар тарапынан үнемі ескертілуде. Сонымен қатар үшінші мегаполисте індеттің таралуына қарсы шаралар кеңінен қолданылуда. Мысалы, қаланың бас санитар дәрігерінің қау­лы­сымен Шымкентте карантин ре­жімін және коронавирус инфекциясы таралуының алдын алу жөніндегі шектеу шаралары 16 мамырдан бас­тап эпидемиялық жағ­дай тұрақ­тал­ғанға дейін ұзар­тылды.

Сондай-ақ үшінші мегаполисте «Ashyq» жобасы кеңінен қолданыла бастады. Қалада халыққа қызмет көрсететін кәсіп­керлік нысандар жобаға сәуірдің соңында өткен болатын. Бизнес ұйымдарының карантин кезінде үздіксіз жұмыс істеуіне және адамдардың COVID-19-ға байланыс­ты дәрежесін анықтауға мүмкіндік беретін жобаға қа­тысуға үшінші мегаполистегі кәсіп­керлерден 848 өтінім түсіп, оның ішінде 367-не QR-код берілген, 192 нысан әкімдік сайтына орналастырылған. Олардың қатарында бірнеше фитнес-клуб, кинотеатр, спа-орталық, сауна мен басқа да нысандар бар.

 

ШЫМКЕНТ