• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қазақстан 17 Мамыр, 2021

«Астана LRT»: Прокурор айыпталушыларға қандай жаза қолдану керектігін айтты

270 рет
көрсетілді

Нұр-Сұлтанда Astana LRT қаржысын ұрлау бойынша сот процесі жалғасуда. Бүгін прокурор жеті айыпталушыны 7 жылдан 11 жылға дейін бас бостандығынан айыруды сұрады, деп хабарлайды Egemen.kz zakon.kz сайтына сілтеме жасап.

Іс бойынша үкім 27 сәуірде жариялануы керек еді. Бірақ судья Қажымұхан Мекемтас кеңесу бөлмесінен оралып, қамауға алынған адамның қандай мүлкі барын анықтау үшін сот тергеуін қайта бастауға бұйрық берген еді.

Бүгін, яғни, 17 мамырда судья жарыссөздің басталғанын жариялады. Прокурор Диас Янгалышов елорданың жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының бұрынғы бастығы Рашид Аманжоловты 11 жылға бас бостандығынан айыруды, мемлекеттік қызметте қызмет атқаруға тыйым салуды, жазасын қауіпсіздігі барынша жоғары колонияда өтеуді сұрады.

Өз сөзінде ол Р.Аманжолов пен Ж.Нұрпейісовтің бұл қылмыста ерекше рөлге ие екенін айтты.

Прокурор Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының бұрынғы депутаты және хатшысы Жанат Нұрпейісовтің мүлкін тәркілеп, мемлекеттік қызметте, жергілікті өзін-өзі басқару органдарында, Ұлттық банк пен оның ведомстволарында, квазимемлекеттік ұйымдарда 5 жыл мерзімге лауазымдарды атқаруға тыйым салып, 9 жылға қамауды талап етті. Сонымен қатар «Құрмет» орденінен айыру ұсынылды.

Ал «Astana Innovations» АҚ басқарма төрағасы болған Талғат Әшімнің 11 жылын орташа қауіпсіз колонияда өткізуін сұрады.

«Астана LRT» компаниясымен ынтымақтасқан кәсіпорындардың қызметкерлеріне 7 жылдан 11 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындауды өтінді.

Ұлықбек Ачиловтың мүлкі тәркіленіп, 11 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Тимур Қасабаевқа 8 жыл, Дулат Мусеновтің мүлкін тәркілеп, 7 жылға қамау ұсынылды.

Сол секілді Дәурен Әбдіхамитов 11 жылға сотталуы мүмкін.

Айта кетейік, тағы екі күдікті Интерпол желісі бойынша іздеуде. Олардың есімдері - Талғат Ардан және Қанат Сұлтанбеков. Біріншісі – «Астана LRT» басшысы, екіншісі – Нұр-Сұлтан әкімінің орынбасары болған.