• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қазақстан 17 Мамыр, 2021

«Алматы-Мальдив» бағытындағы рейстер тоқтады

174 рет
көрсетілді

«Air Astana» компаниясы 31 мамырға дейін «Алматы-Мальдив» бағытындағы рейстерді тоқтатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

«17, 19 және 24 мамырда «Air Astana» Мальдивтегі жолаушылар үшін репатриациялық рейстер ұйымдастырады. КС586 рейсі жергілікті уақыт бойынша сағат 19:35-те Маледен ұшып шығып, Алматыға келесі күні сағат 03:05-те қонады. ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысына сәйкес жолаушылар Алматыға келгеннен кейін 14 күндік карантиннен өтуі керек», деп жазады әуе компаниясының баспасөз қызметі.

Алдын ала билет сатып алған компания клиенттері билет құнын толықтай қайтаруға немесе басқа күнге ауыстыруға құқылы.

«Күші жойылған рейстердің жолаушылары авиабилеттің құнын сатып алған жері бойынша толық қайтара алады немесе 2021 жылғы қазанға дейін басқа ашық күндерге билет брондауға болады. Қосымша ақпарат алу үшін билетті сатып алу орнына немесе брондау және ақпарат орталығына +7 727 244 4477 / +7 702 702 4477 нөмірі бойынша хабарласу керек», дейді әуе компаниясының өкілдері.

Айта кетейік, кеше ҚР Бас мемлекеттік санитар дәрігері Ерлан Қиясов «Қазақстанға Мальдив аралдарынан коронавирус инфекциясы келуінің алдын алу шараларын күшейту туралы» жаңа қаулыға қол қойған еді.