Оқиға орнында тілсіз жауды 30 адам мен алты техника сөндіріп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Жалын Қостанай көшесіндегі жеке тұрғын үй секторында тіркелді. Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, өрт туралы хабарлама диспетчер пультіне сағат 12:50-де түскен.
– Жеке тұрғын үй секторында бес ғимарат өртеніп жатыр. Өрттің аумағы анықталуда. Әзірге толық сөндірілген жоқ, – деді департаментте.
Апаттар медицинасы орталығының мамандары мен жедел құтқару тобы да сол жерде жұмыс істеп жатыр.