• RUB:
    5.39
  • USD:
    474.62
  • EUR:
    517.19
Басты сайтқа өту
Аймақтар 17 Мамыр, 2021

Атырау облысында 45 мыңға жуық адам вакцина салдырды

344 рет
көрсетілді

Атырау облысында коронавирус инфекциясына қарсы вакцина салдырғандар саны 44 707 адамға жетті.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің ақпаратына қарағанда, соңғы екі күнде – 15-16 мамырда 812 тұрғын вакцина алған.

«Биылғы 1 ақпан-17 мамыр аралығында 44 707 адам «Спутник V», «Qazvac», «Hayat-Vax» вакциналарының I компонентін салдырды. Вакциналардың II компоненті 14 486 адамға егілді. Қазір өңірде 36 стационарлық, 10 жылжымалы вакциналау бекеті жұмыс істейді» деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметі.