• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қазақстан 18 Мамыр, 2021

Astana LRT ісі: Кім қанша жылға сотталуы мүмкін?

541 рет
көрсетілді

Күні кеше атышулы Astana LRT ісі бойынша сот отырысы қайта жалғасты. Нұр-Сұлтанда өткен сот отырысы кезінде осы қылмыстық іс бойынша күдікке ілінген айыпталушыға қатысты тергеудің аяқталғанын мәлімдеген прокурор оларды 7-ден 11 жылға дейін бас бостандығынан айыруды сұрады.

Ірі құрылыс кезінде 6 млрд теңгеге жуық қаражатты жымқырды деген айып 7 адамға тағылған болатын. Олардың қатарында: Жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары бас­қар­масының бұрынғы бастығы Рашид Аманжолов, бұрынғы депутат әрі мәслихат хатшысы Жанат Нұрпейі­сов, Astana Innovations АҚ-тың бұрын­ғы басшысы Талғат Әшім, сонымен қатар әртүрлі кәсіпорындардың қызмет­керлері Ұлықбек Ачилов, Тимур Қасабаев, Дулат Мүсенов пен Дәурен Абдыхамитов бар. Енді осы жетеу 11 жылға дейін сотталуы мүмкін.

Тарқатып айтқанда, прокурор Диас Янгалышов айыпталушы Рашид Аманжоловты 11 жылға бас бостан­дығынан айыруды ұсынып, Жанат Нұр­пейісовті мүлкін тәркілеп, мемлекеттік қызметте, жергілікті өзін өзі басқару органдарында, Ұлттық банк пен оның ведомстволарында, квазимемлекеттік ұйымдарда 5 жыл мерзімге дейін лауазымдарды атқаруға тыйым салып, 9 жылға бас бостандығынан айыруды сұраған. Сонымен қатар Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының бұрынғы депутатын «Құрмет» орденінен айыру ұсынылды. Құзырлы орган өкілі Astana Innovations басқармасының бұрынғы төрағасы Талғат Әшімге де 11 жыл сұрады.

Басқа сотталушылар – Ұлықбек Ачиловтің мүлкін тәркілеп, оны орташа қауіпсіздік колониясында 11 жылға дейін бас бостандығынан айыруды, Тимур Қасабаевты орташа қауіпсіздік колониясында 8 жыл бас бостандығынан айыруды, Дулат Мұсеновті жеке мүлкін тәркілеп, орташа қауіпсіздік колониясында 7 жылға, Дәурен Әбдіхамитовті де мүлкін тәркілеп, орташа қауіпсіздік колониясында 11 жылға дейін бас бостандығынан айыруды сұрады.

Прокурор сот отырысы ке­зінде Р.Аманжолов пен Ж.Нұр­пейі­совтің бұл қылмыста ерекше рөлге ие екенін айтты. Айта кетейік, айып тағылған 7 адамнан бөлек тағы екі күдіктіге «Ин­тер­пол» желісі бойынша халық­аралық іздеу жарияланған бола­тын. Олар Astana LRT компа­ния­сының бұрынғы басшысы Талғат Ардан және елорда әкімі­нің бұрынғы орынбасары Қанат Сұлтанбеков.

Прокурор Диас Янгалы­шов­тың мәлімдеуінше, Қылмыстық кодекстің 52-бабы 2-бөлігінің талаптарына сәйкес, қылмыс жасаған адамға оны түзеу, жаңа қылмыстардың алдын алу үшін қажетті және жеткілікті жаза тағайындалуға тиіс. «Қылмыстық кодекстің осы бабының үшінші бөлігіне сәйкес жаза тағайындау кезінде қылмыстың сипаты мен қоғамдық қауіптілік дәрежесі, кінә­лінің жеке басы, оның ішін­де қылмыс жасағанға дейінгі жә­не одан кейінгі мінез-құл­қы, жауапкершілік пен жаза­ны же­ңілдететін және ауырла­татын мән-жайлар, сондай-ақ тағай­ын­далған жазаның сот­талған адамды түзеуге, оның отбасының және оның асырауындағы адамдардың өмір сүру жағдайларына әсері ескерілетін болады», деді ол.

Сондай-ақ прокурор «Астана LRT» ЖШС-нің 5 млрд теңге көле­­мін­дегі мүліктік зиянды өтеуге қа­тысты азаматтық талап­ты үлес­тік тәртіппен қанағат­­тан­дыруды, сондай-ақ сотталу­шылардан 4 мил­лион теңге кө­леміндегі процестік шығындарды өндіріп алуды сұрады.

Естеріңізде болса, өткен жыл­дың қазан айында басталған Astana LRT ісі бойынша жеті сотта­лушыға жеңіл рельсті трассаны салу кезінде 5,7 млрд теңгені ұрла­ды деген айып тағылған еді. Ал 8 эпизодтан тұратын қыл­мыстық іс 155 томға жеткен.