• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қазақстан 18 Мамыр, 2021

Жаңа жобаларды таныстырды

329 рет
көрсетілді

Мәдениет және спорт министрлігінің кезекті есептік кездесуінде былтырғы және 2021 жылдың алғашқы тоқсаны бойынша атқарылған жұмыстар легі мен алдағы міндеттер барысы баяндалды. Министр Ақтоты Райымқұлова ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу жөніндегі іс-шаралар жоспарына баса назар аударды. Кинематография туралы заң жобасы, архив ісі саласындағы оң өзгерістерді баяндай келе, ұлттық мәдениет пен дәстүрді жаңғыртуға, бұқаралық спорт түрлерін дамытуға, сондай-ақ елдің туристік тартымдылығын арттыруға бағытталған бірқатар жаңа жобаны таныстырды.

Ту тіккен қазақстандықтар

Министрлік қызметі Мемлекет басшысының Жолдауларына, «Ру­хани жаңғыру» және «Ұлы даланың жеті қыры» бағдар­ла­маларына, Nur Otan партиясының сайлауалды тұғырнамасына, стра­те­гиялық және бағдарламалық құжаттарына негізделгенін жет­кізген министр, жалпыұлттық іс-шаралар жоспарына сәйкес «Қазақстан – спорттық ұлт» атауымен жарияланған ақпан айында 150-ден астам спорттық-бұқаралық жиын өткенін хабарлады. Ең танымалы #Менің­Тәуел­сіздікке ­үлесім акциясы мен «Менің жетістігім – елімнің жетіс­тігі» челленджі іске қосылып,  еліміздің атақты спортшылары туралы «Спорттағы 30 атақты есім» жобасы ұйымдастырылды. «Қа­зақстандықтардың өз жетіс­тіктерін Тәуелсіздіктің 30 жыл­дығына арнауы жалғасуда. Олар­дың арасында Мария Ауезо­ваны ерекше атап өткім келеді. Ол Эверест тауының Кала-Пат­хар шыңына (5364 метр) шық­қан әлемдегі ең алғашқы мүм­кін­дігі шектеулі қыз болып, аты аңызға айналды. Күні кеше ғана Қазақстанға еңбегі сің­ген спорт шебері Мақсұт Жұ­маев жер бетіндегі ең биік тау жүйесі – Гималайдағы Шығыс Лобуче шыңын бағындырып, өзі­нің жетістігін Қазақстан Тәуел­сіздігінің 30 жылдығына арнап, 6119 метр биіктікке ту тікті», деген министр А.Райымқұлова бұ­қа­ралық спортты дамытуға, оның ішінде балаларға басымдық беру керектігін ерекше атап өтті.  2025 жылы спортпен шұғылданатын балалар мен жасөспірімдердің саны 20%-ға дейін, ал спорт секциялары саны 128 100-ға арттыру көзделген.

 

Жазғы маусым жаңалықтары

21 мамыр – мәдениет және өнер қызметкерлері күні. Кәсіби мереке қарсаңында кітапханалар, музейлер, мәдени-демалыс саласы қызметкерлерінің кәсіби шеберлігін одан әрі қолдау, өңірлік мәдениет ұйымдарының имиджін арттыру мақсатында бас­тау алған «Рухани қазына-2021» IV фестивалі нәтижесінде жеңім­паздар анықталып, мәде­ниет ұйымдарының үздік қыз­мет­керлері ақшалай сыйлықтармен марапатталады. Тәуелсіздіктің 30 жылдығы аясында атқары­латын іс-шаралар легі жаз айында жаңа қарқынмен басталмақ. Мә­селен шілдеде «Елім менің»  және «Тәуелсіздік толғауы» респуб­ликалық конкурстары өте­ді деп жоспарланса, «Тәуел­сіз­діктің 30 жылдығына арнал­ған 30 кинотуынды» жобасы аясында идеологиялық және тәр­биелік сипаттағы тарихи, көркем және анимациялық фильм­дер әзірленбек. Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес шілденің бірінші жексенбісінде дәстүрге айналған «Ұлттық домбыра күні», сонымен қатар Елорда күні қарсаңында мәдениет және өнер қайраткерлері қатысуымен өтетін «Сәлем, елорда!» фес­ти­валімен жалғасады. Ел тәуел­сіз­дігінің 30 жылдығын ла­йықты деңгейде мерекелеудің соңғы кезеңі «Ұлы дала елі – Тәуел­сіздіктің 30 негізі» атты ау­қымды жобамен жалғасып, мәде­ниет ұйымдарының отыз күн­дігі аясында күн сайын жаңа туын­дылардың тұсаукесерлері өтіп отырады. Сондай-ақ Тәуелсіздік күні қарсаңында көп назарына ұсынылатын ұлттық киножоба – «Ұлы дала таңы» тарихи көркем фильмінің тұсаукесері талай көрерменді қуантары анық.

 

«Ұлы дала мұрасы» жәрмеңкесі

Министрдің айтуынша, спорт пен ішкі туризмді дамытуға және оларды одан әрі ілгерілетуге ба­ғытталған идеологиялық-маз­мұнды және сапалы шараларды өткізу жыл бойына жоспарланған. Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы ая­сында туризм саласында министрлік республикалық жә­не өңірлік деңгейде 100-ден астам іс-шара ұйымдастырылмақ. «Ту­ризмді дамыту бойынша жан-жақты жұмыс жалғасуда. Бүгінгі күні туристік нарықтың қызметін одан әрі ынталандыру бойынша заңнамалық актілер қабылданып, ішкі туризммен танысу үшін жаңа мүмкіндіктер ашылып, көр­сетілетін қызметтер желісі ұлғай­тылды. Инфрақұрылымды дамыту мен инвестициялық тар­тымдылықты арттыру үшін барлық жағдайлар жасалуда. Бүгінде этнотуризм ерекше өзек­тілік пен танымалдылыққа ие. Осы бағытта маусым-қыркүйек айларында Алматы қаласының туристік тартылыс орындарында қолөнершілердің қатысуымен «Ұлы дала мұрасы» жәрмеңкесін өткізу жоспарлануда», деді министр А.Райымқұлова. Сондай-ақ жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, 1 трлн теңгеден астам жеке және мемлекеттік инвестициялар тарту арқылы 22 мың жаңа жұмыс орны құрылатындығын атап өтті. Ал Түркі елдерінің астанасы атанған Түркістанның тарихи орталығын қалпына келтіру бойынша белсенді жұмыстар жал­ғаса береді. 2020 жылы Түркістан қалашығын реставрациялау, кон­сервациялау және қалпына келтіру жұмыстарымен 88,7 га аумақтағы 17 нысан қамтылып, оның ішінде 8 тарихи-мәдени нысанда жұмыстар аяқталған.

 

Саяси қуғын-сүргін құрбандары ақталады

Министрлік қызметінің келесі бағыты архив ісі саласы бойынша да бірқатар жағымды өзгеріске басымдық берілмек. Атап айт­қанда, биыл 4 республикалық ар­хив үшін архивтік құжаттарды қалпына келтіру және микрофильмдеу зертханаларын сатып алу көзделген. Сондай-ақ саяси қуғын-сүргін құрбандарын то­лық ақтау жөніндегі мемлекеттік ко­мис­сияның жұмысын сүйемелдеу мақсатында министрліктің құ­зыреті шеңберінде тиісті жұ­мыс­тар жүргізілуде. «Қазіргі таңда Орталық мемлекеттік архивте мекемелер мен ұйымдардың архивте сақталған құжаттарының заңды иелерінің қатысуымен  саяси қуғын-сүргіндерге байланысты құжаттарды құпиясыздандыру жұмыстарын жүргізу қолға алынды. Жергілікті атқарушы органдармен өзара ықпалдастықта олардың қарауындағы мемлекеттік архивтердегі жабық қорлар бо­йынша ақпарат жинақталды», деді министр. Мемлекеттік бас­қаруды одан әрі жетілдіру мақ­сатында мәдениет және архив істері және құжаттаманы басқару ко­митеттерін құру бойынша нақ­ты қадамдар қолға алынған.

 

Кинематография туралы заң жобасы

Есептік кездесу барысында ай­тылғандай, қазір министрлік кинематография туралы заң жобасына 2021 жылға арналған заң шығару жұмысының жоспарына сәйкес өзгерістер енгізу бойынша жұмыстар жүргізуде. «Жұмыс тобы құрылды, оның құрамына мүдделі мемлекеттік орган­дардың, қоғамдық ұйым­дардың, суретшілердің, кине­ма­тографияның өкілдері кіреді. Қазіргі уақытта жұмыс тобы­ның 10-нан астам отырысы өт­кізілді, оның барысында ки­нематографияның проблемалық мәсе­лелері талқыланды», деген министр мұнда кинокомиссия­ларды құру механизмі, қазақ тілі бойынша фильмдер дубля­жы және басқа да өзекті мәсе­лелер қаралатындығын жеткізді. Сонымен қатар Қазақстан Рес­пуб­ликасының аумағында фильм­дерді жүйелеу мен есепке алуды қамтамасыз ету, фильмдерді прокаттау және көрсету бойын­ша сенімді деректерді ұсыну бо­йынша «Бірыңғай мониторинг Қазақстан аумағындағы фильмдер» ақпараттық жүйесі әзірленуде. Ал 2021 жылы бас­талған Шәкен Айманов атын­дағы «Қазақфильм» АҚ модерни­за­циясы үш жылға дейін жал­ғас­пақ. Жоба киностудия­ны тех­никалық қайта жарақ­танды­руды, инженерлік желілер мен ғимараттарды күрделі жөн­деуден өткізуді, сондай-ақ кинофильмдер жиынтығын салуды көздейді.

«Мерейтойлық іс-шара­лардың тұжырымдамалық күн тәр­тібін идеологиялық және ағар­тушылық мазмұнда өткізуді мақсат етіп отырмыз. Жамбыл Жабаев­тың 175-жылдық мерей­тойы­на арнап ақын өмірі­нен фильм түсіру, жаңа жинақ­тарын шығару, кітап көрмелерін ұйым­дастыру, мерейтойлық моне­та мен пош­та маркасын әзір­леу сынды жоспарлар бар. Соны­мен қатар Қазақстанның халық Қаһарманы – Еркеғали Рах­ма­диевтің 90 жыл­дығы, белгі­лі қоғам қайраткері Ол­жас Сүлей­ме­новтің 85 жылдығы, КСРО-ның Халық әртісі Әлібек Діні­шевтің 70 жылдығы, Қазақ­­станның Еңбек сіңірген қайрат­кер Батырхан Шүкеновтің 60 жыл­дығы атап өтіледі», деген министр Абай және Әл-Фараби жы­лының тұжырымдамасы сияқ­ты алдағы жылдың жасампаз құндылық бағдарларын қалып­тастыру негізіне арналатындығын айтты. Балалар әдебиетін да­мытуға және өскелең ұрпаққа ұлт­тық құндылықтарды дарыту мақ­сатында министрлік рес­пуб­лика бойынша 2021 жылды «Балалар әдебиеті жылы» деп жа­риялған-ды. Бұл бағытта бюд­­жеттік бағдарламалар шең­бе­рінде оқу сауаттылығын арттыру, қоғамдық маңызы бар әдебиеттерді басып шығару, балалар әдебиетінің авторларын жаңа шығармаларға ынталандыру, конкурстар ұйымдастыру бойынша басталған жұмыс алдағы 4-5 жыл арасында жүйелі жалғаса бермек. БҰҰ Бас Ассам­блеясы 2021 жылды Халық­аралық тұ­рақты даму үшін креа­тивті экономика жылы деп ата­ғаны белгілі. Мемлекет басшы­сының тапсырмасына сәйкес креативті экономиканы дамыту тұжырымдамасын әзірлеу бойын­ша бірқатар жұмыстар бас­талды. Креативті индустрияның негізгі бағыттары мәдениет және өнер саласын қамтитынын еске­ре отырып, министрлік тұжы­рым­дамалық тәсілдерді әзірлеуге белсенді атсалысуда.